Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды

Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды

Әкімдік күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды.

  • 16 Маусым 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Асхат Ораловтың дене қызуы көтерілген. Осыған байланысты ол коронавирусқа тест тапсырды. Сынама оң нәтиже көрсетті", — дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде әкім орынбасарымен араласқан адамдардың барлығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу шаралары жалғасуда.

"Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері коронавирус инфекциясына тест тапсырып шықты. Оның нәтижесі туралы қосымша ақпарат таратылады", — делінген ресми хабарламада.

Ал облыс әкімі күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды.


Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Одан кейін инфекция депутат Бекболат Тілеуханнан табылды. Ал демалыс күндері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Министрде пневмония анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар