Тағы бір қазақстандық спортшы Париж олимпиадасына іріктеуден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір қазақстандық спортшы Париж олимпиадасына іріктеуден өтті

Тағы бір қазақстандық спортшы Париж олимпиадасына іріктеуден өтті

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Олимпиада квотасына қол жеткізді.

  • 3 Мамыр
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.