Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады

Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады

Бангкоктағы жарылысты ұйымдастырған адамның суреті Таиланд билігінің қолына түсті. Ол бейнебақылау камераларынан алынды, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі. 

  • 18 Тамыз 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz

Камераларға ұлты арабқа ұқсайтын ер адам іліккен. Жарылыстың ұйымдастырылу себебі әзірге белгісіз.

Жарылыс халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында — Бангкоктың іскерлік және туристік бөлігінде болды. Жарылғыш зат индуизм дініне сенушілер табынатын Эраван ғибадатханасынан бірнеше метр жерде іске қосылған. Соңғы мәліметке қарағанда, 20 адам қаза тауып, 120-дан астам жарақаттанды.


Соңғы жаңалықтар