Caravan Logo

Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады

Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады

Камераларға ұлты арабқа ұқсайтын ер адам іліккен. Жарылыстың ұйымдастырылу себебі әзірге белгісіз.

Жарылыс халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында - Бангкоктың іскерлік және туристік бөлігінде болды. Жарылғыш зат индуизм дініне сенушілер табынатын Эраван ғибадатханасынан бірнеше метр жерде іске қосылған. Соңғы мәліметке қарағанда, 20 адам қаза тауып, 120-дан астам жарақаттанды.