Таиланд курорттарында жер сілкінісінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд курорттарында жер сілкінісінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Таиланд курорттарында жер сілкінісінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Таиланд Корльдігіндегі дипломатиялық миссиясының мәліметі бойынша 26-желтоқсанда Бенгал түбегінде болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы кеше, 27-желтоқсанда ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 26-желтоқсанда Бенгал түбегінде Бангкоктан 1260 шақырым жерде жергілікті уақытпен 7 сағат 58 минутта Рихтер өлшемі бойынша 9 балл жер сілкінісі болды. Бірнеше қуатты жер асты дүмпулері биіктігі кей жерлерде 10 метрге дейін жеткен алапат толқындар түзіп, олар Шри-Ланка, Индия, Индонезия, Таиланд және Малайзия тәрізді Оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Африка құрлығының шығыс жағалауына дейін жетті. Таиланд Корольдігінде негізінен Пхукет аралы мен оған таяу жатқан курорттар зардап шекті.

Елшіліктің мәліметі бойынша, 20 және 22 желтоқсанда Эйр Астана әуе компаниясының чартерлік рейстерімен 227 адам Қазақстаннан Бангкокке ұшып шыққан. Олардың бір бөлігі Таиланд астанасына, бір бөлігі Паттайяға және басқа да курорттарға бет алған. Олардың арасында Пхукетке барғандар да бар. Қазіргі жағдаймен Пхукетке барған 26 адам қауіпсіз жерде, ал үш адам ауруханаға түскен. Сондай-ақ, 26-желтоқсанда Қазақстаннан Паттайяға 123 адам ұшып шыққан. Олар да қазір қауіпсіз жерде.
ҚР СІМ-де Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы елшілігінің қызметкерлері еліміз азаматтарын іздестіру, зардап шеккендерді апат аймағынан көшіру, зардап шеккендерді Пхукеттегі аман қалған қонақүйлерге орналастыру ісімен айналысуда.

Перейти к новостям спорта