Таиланд қазақстандықтарға тегін виза беруді жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд қазақстандықтарға тегін виза беруді жалғастырады

Таиланд қазақстандықтарға тегін виза беруді жалғастырады

Таиланд үкіметі қазақстандық туристерге тегін виза беру мерзімін ұзартты.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Таиланд үкіметі 20 елден, соның ішінде Қазақстаннан келген туристерге тегін виза беру мерзімін 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Министрлік атап өткендей, бұған дейінгі визалық алымдардан босату режімі 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін жарамды болған.

Атап өткен жөн, Таиландқа туристік виза алу үшін келушілер 2 мың бат (шамамен 23 400 теңге) төлеу қажет. 2018 жылдың 15 қарашасында 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Таиландқа келу кезінде визалық алымдар алынып тасталған еді.


Соңғы жаңалықтар