Таиландтағы ірі ЖКО-да зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиландтағы ірі ЖКО-да зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Таиландтағы ірі ЖКО-да зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Таиландта рейс автобусымен апаттан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Твиттерде хабарлады.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Таи полициясының хабарлауынша, Бангкок-Убон Ратчатхани рейстік автобусында зардап шеккен жолаушылар арасында біздің мемлекеттің азаматтары болған жоқ», — деп жазды ҚР СІМ ресми өкілі Твиттерде.

22 сәуірден 23-іне қараған түні Таиландтың солтүстік-шығысында Бурирам провинциясында халықаралық рейс автобусы ЖКО-ға ұшырады, 40 адам зардап шекті, олардың 13-і елеулі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости.

Жараланған 13 адамның екеуі — бес жасқа дейінгі балалар. ЖКО-да барлық зардап шеккендер Бурирам провинциясының ауруханасына жеткізілді.


Жеңіл жарақаттанған жолаушыларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, бұдан кейін жергілікті билік оларды аудандық әкімшіліктің жиналыстары залына қонуға орналастырды.