Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы күрт көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы күрт көтерілді

Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы күрт көтерілді

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы фонында мұнай бағасы қайта өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты

  • 12 Наурыз
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 14,57 пайызға өсіп, барреліне 100 доллардан асты. Бұл көрсеткіш Астана уақыты бойынша сағат 7:50-дегі сауда деректерінде тіркелген.

Ал WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 14,06 пайызға өсіп, барреліне 95,18 долларға жетті.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты. Ирандағы қақтығыстың ушығуына байланысты Brent бағасы шамамен 116–119 долларға дейін жеткен. Бұған Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімдерінің тоқтап қалу қаупі негізгі себеп болған. Ал 10 наурызда баға төмендеп, барреліне 95 доллардан төмен түсе бастаған.