Тайландта 20-дан аса адамның өмірін қиған лаңкестер әрекетін қайталауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайландта 20-дан аса адамның өмірін қиған лаңкестер әрекетін қайталауы мүмкін

Тайландта 20-дан аса адамның өмірін қиған лаңкестер әрекетін қайталауы мүмкін

Таиланд астанасындағы лаңкестік үшін ешкім жауапкершілікті мойнына алмаса да, ел билігі мұны кім жасағанын білеміз деп отыр. Олардың ойынша, бұл туристерге қарсы әрекет болуы мүмкін. Ал жергілікті полицейлер жарылыс кез-келген уақытта қайталануы ықтимал дейді. Бангкоктың қақ ортасында ойран салған лаңкестер әлі қолға түскен жоқ. Сондықтан еліміздің Сыртқы Істер министрлігі онда жүрген жерлестерімізге жұрт жиі баратын орындарға және қаланың орталық көшелеріне уақытша шықпауға кеңес берді. Айта кетейік, Бангкоктың қақ ортасында екі бірдей жойқын жарылыс болып, 22 адамның өмірі қиылды. Тағы 120-дан  астам адам жараланған.

  • 19 Тамыз 2015
  • 268
Фото - Caravan.kz

Жарылыс қаланың қақ ортасындағы жұрт жиі жүретін ауданда болған. Лаңкестер шаһардағы ең ірі сауда орталығы мен Эраван ғибадатханасының  маңын  әдейілеп таңдап алып, тура туристер  көп келетін жерге бомба қойыпты. Сол сәтте қонақтардың бірі Бангкоктың көрікті жерлерін видеоға түсіріп тұрған екен. Осылайша, Таиланд тарихындағы ең үлкен трагедия  туристің қолындағы камераға түсіп қалған.

Жарылыстан қатты қорыққан туристер жан сауғалап жан-жаққа қашып барады. Оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер де шұғыл жетті. Бірақ ақ халаттылар 22 адамның өміріне араша бола алмады. Тағы 120-дан астам азамат ауыр жараланған.

— Жарылыстың даусы өте қатты естілді. Тура төбемізге  жай түскендей болды. Оқиға болған жерге жақын жүрген едік, бәрін өз көзімізбен көрдік.

Тергеушілер  күдіктілердің  бірінің  суретін  анықтапты. Жас жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалған көрінеді. Және бомбаның  қолдан жасалғаны белгілі болды. Жарылыстан зардап шеккендердің басым бөлігі Бангкокқа демалуға келген шетелдіктер. Қаза болғандардың қатарында Қытай, Малазия, Филиппин, Сингапурдің  туристері бар. Ал қазақ дипломаттары олардың арасында еліміздің азаматтары жоқ деп мәлімдеді. Бірақ қазір Таиландта жүрген жерлестерімізді сақ болуға шақырды.

Таиландтың  құқық қорғау органдары жарылыс қайталануы мүмкін деп ескертеді. Сондықтан, Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына қаланың орталық аудандарына, адамдар көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес береді.

Бангкоктағы жарылыс шынында да  бүгін тағы қайталанды. Белгісіз біреу қаланың орталығындағы көпірде тұрып өзенге қарай жарылғыш зат лақтырып жіберген. Бұл жолы ешкім зардап шеккен жоқ.

Таиландтың үкімет басшылары бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Өйткені ел бюджетінің негізгі табыс көзі  — туризм. Лаңкестік шабуылдан кейін шетелдіктердің көбінің Бангкокқа деген сенімі жоғалғаны анық. Ал еліміздің туристер қауымдастығының  мәліметінше, қазір Таиландта  шамамен  200 отандасымыз жүр. Қазақстандықтар Бангкокқа  демалуға көбіне қыста барады екен.

 

Соңғы жаңалықтар