Бақытжан Байтөреевтің тәлімгерлері алғашқы кезеңде Қытай, Солтүстік Корея және Үндістан құрамаларымен бірге «С» тобында өнер көрсетуде. Олар ертең корей, ал арғы күні қытай спортшыларымен сынға түседі. Өз тобында 1-2 орын алғандар жарыстың келесі кезеңінде 1-8, ал өзгелері 9-14 орындар үшін таласатын болады. Жалпы Азия чемпионаты биыл Жапонияда өтетін Әлем кубогының және 2012 жылғы Олипиада ойындары мен Әлемдік Гран-Придің іріктеу турнирі саналады. Онда бұл жолы ел намысын Сана Жарлағасова (1989), Зарина Сейітқазинова (1993), Антонина Пименова (1984), Ольга Наседкина (1982), Кристина Трубина (1986), Коринна Ишимцева (1984), Ирина Лукомская (1991), Марина Стороженко (1985), Екатерина Акилова (1992), Екатерина Шенбергер (1992), Ольга Дробышевская (1995) мен Елена Эзау (1993) қорғауда. Жарыс қорытындысы 23 қыркүйекте болатын ақтық ойындарда белгілі болмақ.