Тайпейдегі әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын үшін Австралия құрамасымен кездесуде - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайпейдегі әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын үшін Австралия құрамасымен кездесуде

Тайпейдегі әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын үшін Австралия құрамасымен кездесуде

Волейболдан Қытайдың Тайпей қаласында әйелдер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы ондықтың қатарына енді. Бүгін олар Австралия құрамасымен 9-орынды сарапқа салуда.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

Қыркүйектің 15-і күні басталған бұл дүбірліь додада Бақытжан Байтөрев жаттықтыратын ел құрамасы алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алып, 1-8 орынға таласу мүмкіндігінен айрылып қалған болатын. Дүйсенбіде индонезиялықтарды (25-18, 25-15, 25-16), сәрсенбіде шри-ланкалықтарды (25-9, 25-21, 25-9) 3:0 есебімен ойсырата ұтқан олар енді 9-орынға таласуға қол жеткізіп отыр.

Жалпы Азия чемпионатына биыл құрлықтың үздік 13 командасы қатысты. Олар бұл бәсекеде Азия чемпионатының медальдары мен Жапонияда өтетін Әлем кубогының жолдамасын сарапқа салуда. Ол сондай-ақ, 2012 жылғы Олипиада ойындары мен Әлемдік Гран-При жарсының іріктеу турнирі саналады.