Бұл туралы IBF бойынша чемпиондық айқастарды өткізу комитетінің төрағасы Линдси Такер мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
«Фьюри IBF титулына үміткер Вячеслав Глазковпен жекпе-жек өткізуі тиіс болатын, алайда оның орнына боксшы Владимир Кличкомен қайта айқасуға келіскен», — деп түсіндірді Федерация шешімін Такер.
27 жастағы Фьюри IBF тұжырымы бойынша чемпион атанғанына екі апта ғана болғаны атап өтіледі. 6 желтоқсанда Фьюри спортшылар арасындағы қарымта кездесуде украиндық боксшыны тас-талқан ететінін мәлімдеді. 2 желтоқсанда Кличко келісімшарттағы опцияны пайдаланып, 2016 жылы Фьюриге қарсы қарымта кездесу өткізетінін айтқан болатын. Жекпе-жек мамыр немесе маусымда өтуі мүмкін. Фьюри 29 қарашаға қараған түні Кличкодан басым түсіп, IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын еншілеген еді.