Тайсон марихуана өсіру үшін 16 гектар жер телімін сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайсон марихуана өсіру үшін 16 гектар жер телімін сатып алды

Тайсон марихуана өсіру үшін 16 гектар жер телімін сатып алды

Әлем бойынша бокстан бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсон АҚШ-тан марихуана өсіру үшін жер телімін сатып алды.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 164
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жалпы аумағы 16 гектар болатын жер телімі Калифорния штатында орналасқан. Аталған штатта 1 қаңтардан бастап емдік мақсатта марихуана өсіруге рұқсат берілген. Мұнымен қатар, 2016 жылдың қараша айынан бастап 21 жастан асқан адамдарға емдік мақсатта марихуана тұтынуға, белгілі бір мөлшерде сақтауға рұқсат берілген болатын.

Майк Тайсон сатып алған жерінің тең жартысына марихуананы өңдейтін зауыт салмақ. Бұдан өзге, Тайсонның компаниясы марихуананы емдік мақсатта қалай пайдалануға болатынына қатысты зерттеулер жүргізеді.


Тайсон әртүрлі салмақтағы бокстан әлем чемпионы. Ол әлі күнге дейін күшін жоймаған рекордтар орнатты. Ал әлем чемпионы атағын небәрі 20 жасында алды.