Бұл туралы депутат Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.
"Тайжанға қарағанда мен тәрбиелі отбасыдан шыққанмын. Мені анам, марқұм әкем басқаша тәрбиелеген. Тайжанды қалай тәрбиелегенін білмеймін. Лас адам, кір адам қылып тәрбиелеген бе білмеймін оны. Тайжанның қандай адам екенін көріп отырмыз. Халықтың мұң-мұқтажын жеткіз, халықтың мұң-мұқтажына сәйкес олардың құқықтарын қорға деп тәрбиелеген әкем де, шешем де. Менің атым бар, затым бар. Тайжанға қарағанда үлкен еңбегім бар", — деді депутат.
Осыған байланысты Мұхтар Тайжан Facebook желісіндегі парақшасында мәжіліс депутатына жауап берді.
"Мен де осы депутат Базарбекке жылынды сәлемімді жіберіп отырмын:
Адами этика деген бар: біреудің отбасына, әке-шешесіне тіл тигізуге ешкімнің құқығы жоқ. Кез келген адам баласына "маймыл" деп айту — көргенсіздік деп білем. Маған сұрақтарың болса, маған айт, бірақ отбасыма тіл тигізбе!
"Аманат" партиясының депутаты, сол фракциясының мүшесі, саған ҚР азаматы ретінде ескерту жасаймын! Қалай депутат болдың, сайлау қалай өтті ел жақсы біледі. Тікелей эфирдегі дебатымыз әлі де ютубта тұр, сен жеңілдің.
P.S. Мен болсам, сайлаудың кезінде де, одан бұрын, одан кейін де Базарбектің үстіне құзырлы органдарға ешқандай арызды жазған жоқпын. Бұндай арыз болса, жұртқа көрсетсін", — деп жазды Мұхтар Тайжан.