«Тал бесіктен – жер бесікке…» театрландырылған бағдарламасы тұңғыш президент музейінде ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тал бесіктен – жер бесікке…» театрландырылған бағдарламасы тұңғыш президент музейінде ұйымдастырылды

«Тал бесіктен – жер бесікке…» театрландырылған бағдарламасы тұңғыш президент музейінде ұйымдастырылды

ҚР Тұңғыш Президенті музейі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хорының «Тал бесіктен – жер бесікке…» атты музыкалық-театрландырылған бағдарламасын ұйымдастырды.

  • 18 Наурыз
  • 1
ФОТО: fnn.kz

Бұл ұлттық дәстүрді дәріптеуге және Қазақстанның бай этникалық мұрасын терең түсінуге бағытталған маңызды мәдени іс-шара.

Іс-шара ұлттық құндылықтар мен қазақ халқының мәдени мұрасын білім беру, интерактивті және цифрлық формат арқылы насихаттауға арналған «Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасы аясында өткізілді. Жоба мәдени құндылықтарды сақтаудың дәстүрлі әдістерін заманауи технологиялармен және креативті тәсілдермен біріктіретін кешенді бастама болып табылады, бұл мәдениетті әртүрлі әлеуметтік және жас топтары үшін қолжетімді әрі тартымды етеді.

Аталған бағдарлама қоғамның тарихқа, музыкаға, сәндік-қолданбалы өнерге және қазақ халқының ауызша халық шығармашылығына деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.