Талай дау тудырған Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші өзгертілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талай дау тудырған Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші өзгертілетін болды

Талай дау тудырған Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші өзгертілетін болды

Ұсқынсыз ескерткіш ақыры жаңартылатын болды! 2004 жылы Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылына даңқты спортшы, қазақ таэквондосының негізін қалаушы - Мұстафа Өзтүрікке арналған ескерткіш тұрғызылған еді. Бірақ мүсіннің ұсқынсыздығы сондай, көргендердің бірі оны аң-құсқа, енді бірі ергежейліге теңеп жатты. Енді, міне, арада 10 жыл өткенде ғана оған тиісті орындар назар аудара бастады. Таэквондошының 60 жылдығы қарсаңында ескерткішті өзгерту жөнінде шешім шығарылып отыр. Бірақ спортшының туған күні қарашаның 23-інде екенін ескерсек, оны жаңартуға үлгермей қалуы да мүмкін.

  • 1 Қазан 2014
  • 596
Фото - Caravan.kz

— Бұл 2004 жылы Мұстафа Өзтүріктің 50 жылдық мерейтойына орай Бешсағаш ауылындағы басты алаңға қойылған ескерткіш. Бірақ астындағы жазуы ғана болмаса, үстіндегі кескініне қарап айбынды таэквондошыны тану қиын. Сондықтан мұндағы үлкенді, кішісілісі тұрғындар түгел оның алынып тасталуын, не орнына басқасының қойылуын талап етіп келеді.

Солардың бірі – Бесағаштағы мектеп мұғалімі Әнуар Тоқұшаев. Мүсінді ол — Мұстафа тұрмақ, жалпы адам баласына ұқсата алмай жүр. 

Әнуар Тоқұшаев, Бесағаш ауылының тұрғыны:

— Біздің ұлттық мақтанышымыз – Мұстафа Өзтүрік деген. Бүкіл әлемге есімі белгілі адам. Сондықтан мына ескерткіштің тұруы өте ыңғайсыз. Сондықтан менің ұсынысым сол – болашақта осы ескерткіштің орнына мына кісінің өзіне лайықты, көлемді ескерткіш қойылса.

— Ұқсамайды.

— Артынан қарасаң жарқанатқа ұқсайды ғой!

 Ал қоғам белсендісі Берік Әдиев мәселені Президентке дейін бума-бума хат етіп жолдаумен келген. Енді, міне, даңқты спортшының туғанына 60 жыл толуы қарсаңында жағымды жаңалық естіп отырған жайы бар.

Берік Әдиев, қоғам белсендісі:

— Бұл енді асығыстықпен 2004 жылы бір студенттің жасаған ескерткіші. 50 жылдығы болатын ол кезде. Сондықтан мен былтырдан бері Елбасына хат жаздым, теледидардан айттым. Әйтеуір бүгінгі күні Алматы қаласының федерациясына Серік Абдуллаев деген жігіт келіп, 23 қарашаға ескерткішті бітіруге әуде етті.

 Жаңа басшы Мұстафа Өзтүріктің мерейтойын атап өту жоспары пысықталған мына жиында таэквондо саласының басы-қасында жүрген азаматтарға да әуде берді.


Серік Абдуллаев, ҚР таэквондо федерациясы Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы:

— Әрине, Бесағашта тұрған ескерткіш спортшының кескіні сай емес. Біз оны енді жөндеуге тырысамыз. Оған бюджеттен ақша бөліп қойдық. Ең мықты деген мүсіншілерді тартып жатырмыз.

Кеште болсын, даңқты ағасын еске алып жатқанына Мұстафаның туған інісі – Әбдулназы Тәйжі де риза. Сәтін салса, мерейлі тойға Германияда тұрып жатқан спортшының қос қызы мен ұлы да келмек ниетте екен.

Әбдулназы Тәйжі, Мұстафа Өзтүріктің інісі:

— Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығына жасайтын барлық жұмыстарға ат салысамыз. Балалары дайындалып жатыр. Иншаллах, құдай қаласа келеді деп отырмыз.

Осылайша ескерткіші тұрмақ, өзі де ұмытыла бастаған Өзтүріктің есімі қайта жаңғырмақ. Ал мерекенің алды 11-12 қазанда спортшы атындағы жүлде қойылған турнирмен басталады деп жоспарлануда.