"Талай рет қызтеке деді": Ринат Малцагов өкпесін жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Талай рет қызтеке деді": Ринат Малцагов өкпесін жеткізді

"Талай рет қызтеке деді": Ринат Малцагов өкпесін жеткізді

Ринат Малцагов өзін негізсіз айыптағандарға өкпесін жеткізді.

  • 16 Тамыз 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Әнші жұрттың тарапынан әртүрлі сөз етіп, сынға қалғанын айтады. Олардың бірде біреуіне мән бермеуге тырысқан ол тек бір ғана теңеудің есінде қалғанын жеткізді. Өзін қызтекеге теңеген адамдар өнер иесінің шамына тиіп кеткен сияқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Талай рет айтқан ғой. Әсіресе Superstar байқауынан кейін Ринат "Біртүрлі екен, қызтеке ғой деймін" деп жиі айыптайтын. Шыны керек сондай да болды. Біз ол кезде жаспыз, небәрі 17-18 жаста ғанамыз. Сол кезде қатты қабылдадым", — дейді Ринат Малцагов.  

Дегенмен достары әншіні артық сөзге мән бермеуге үйреткен. Жаман теңеуге еті әбден үйреніп қалған ол, адамдар айтқысы келсе айта берсін, маған бәрібір дейді.


"Олар мені білмей жатып неге айтады деп қатты ашуланатынмын. Достарым "Оларға мән берме, сен әртіссің ғой, әлі бұдан жаман сөздер естисің" дейтін. Осыдан кейін, айта берсін деп жүре беретін болдым. Не деймін енді?" — дейді өнер иесі.