Бұл базардың жұмысы осымен бірінші рет жабылып отырған жоқ. «Соңғы үш жыл бойы базарды пайдалануға қатысты СЭС тарапынан айтылып келе жатқан сын бір сарында. Атап айтар болсақ, сауда жаймалары өндірістен шықпаған, бұрын пайдаланылған құрылыс материалдарынан жасалған, жаймалар күн сайын жуылмайды, сөрелердің арасындаы базар аумағына асфальт төселмеген. Сонымен бірге базар аумағындағы қоқыс уақытылы шығарылмайды, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің құрамындағы нираттар мен улы химикаттарды анықтайтын зертхана салынбаған»,- дейді СЭС мамандары.
Сонымен бірге орталық базарда ет сататын павильонда тазалық талаптары бұзылуда. Балық сататын павильон туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының қорытындысы жоқ.
Барлық заң талаптары орындалмайынша базар ашылмайды дейді СЭС.