Жарияланды: 550

Талдықорған полициясы жүктілігіне 9 айға аяқ басқанына қарамастан есірткі сатып жүрген әйелді ұстады

Алматы облыстық ІІББ-ның есірткі саудасымен күреске бағытталған арнайы шараларының барысында Талдықорған полициясы жүктілігіне 9 айға аяқ басып, айы мен күні толса да есірткі сатып жүрген әйелді қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, тұтқыннан 22 дорбаға салынған 20 грамм героин табылып тәркіленді. Тұтқындау кезінде есірткі сатушы әйел тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық көрсеткен. Алайда, баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша тергеу қапасы жүкті әйелдерді қамауға сәйкестендірілмегендіктен тұтқын абақтыға тоғытылған жоқ. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп босатылды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел таяу уақыттарда босануы мүмкін. Сөйтіп ол сот процессі басталғанға дейін балалы болып үлгеретіндіктен соттың қаҺарын жұмсартуға сылтау табады. Сондай-ақ, ол тағы бір кәмелеттік жасқа жетпеген баланың қамқоршысы көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін