Жарияланды: 430

Талдықорған прокуратурасы бұрын сотты болған шенеунік әйелдің жұмыстан кетуіне қол жеткізді

Талдықорған қаласының прокуратурасы ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің "Жетісу" өңіраралық департаменті" мемлекеттік мекемесі заң бөлімі бастығының жұмыстан кетуіне себепші болды.

Талдықорған прокуроры Бауыржан Сауғабаев хабарлағандай, тексеріс барысында анықталғаны, 2010 жылдың 7 маусымында Талдықорған қалалық сотының үкімімен жоғарыда аталған комитеттің банкроттық рәсімдерін жүзеге асыруға бақылау жасау жөніндегі бас маманы ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. «Ол әйел өз анасының үстіне қайнаған су құйып жіберген. Бірақ, сотты болғанына қарамастан шенеунік әйел 2010 жылдың 6 қыркүйегінде жоғарыда аталған департаменттің бастығының бұйрығымен заң бөлімінің бастығы болып тағайындалды», - деп түсіндірді қала прокуроры. Бірақ, «Мемлекет қызмет туралы» ҚР заңының 27-бабына сәйкес соттың айыптау шешімінің күшіне енуі әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызметті атқаруды тоқтатуға негіз болады. Осыған орай, прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде аймақаралық департамент бастығының бұйрығымен заң бөлімінің бастығы жұмыстан шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть