Жарияланды: 420

Талдықорған прокуратурасы мемлекеттің 2 млн. теңгеге жуық қаржысын үнемдеді

Талдықорған қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзушылықтар анықталды.

Талдықорған қалалық прокуроры Бауыржан Сауғабаев хабарлағандай, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңының 16-бабы 3-бөліміне сәйкес біртектес тауарлардың бірнеше түрі бойынша байқаудың мемлекеттік сатып алуларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы байқаудың құжаттарында тауарларды оларды біртектес түрлері бойынша лоттарға бөлуі міндетті. Бірақ, ҚР қолданыстағы заңнамасының жоғарыда аталған талаптарына қарамастан, жоғарыда аталған ұйым сиыр, қой, тауық, бройлер тауығы еттерін тиісті лоттарға бөлмеген. Соның салдарынан Беделбаев Ж.Ж. жеке кәсіпкерлігі барлық өнім түрлеріне 19 795 00 теңгеге баға ұсынымдары бойынша заңсыз жеңімпаз деп танылып, нәтижесінде 1 973 200 теңгенің негізсіз төлемақысыны жол берілді. Қала прокуратурасының дер кезінде жіберген қарсылығына сай лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылып, байқау нәтижелері жарамсыз деп танылып, мемлекеттің 2 миллионға жуық қаржысы үнемделді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть