Талдықорған қаласы әкімінің экс-кеңесшісі бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған қаласы әкімінің экс-кеңесшісі бостандыққа шықты

Талдықорған қаласы әкімінің экс-кеңесшісі бостандыққа шықты

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаевты ұрды деп айыпталған Алмасбек Садырбаевтың жазасы жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 25 Қазан 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Осыдан бір ай бұрын сот Алмасбек Садырбаевқа бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Бұл шешіммен келіспеген сотталушы облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Осыған сәйкес, Садырбаевқа тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығынан шектеу болып өзгертілді. Сондай-ақ, сот оны бірден түзеу мекемесінен босату жөнінде шешім шығарды. Апелляциялық соттың шешімін қамауда күткен Садырбаев үш сағаттың ішінде бостандыққа шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болған Асқар Тұтыбаев пен Алмасбек Садырбаевтың арасындағы кикілжің жаз айында болды. Сол кезде Садырбаев  «ұрды» деп Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары А. Тұтыбаев арыз жазып, іс сотпен аяқталған болатын. Ал осы жайттан кейін шенеунік — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болған Асқар Тұтыбаев өз еркімен жұмыстан кетіп қалды. Ал істің насырға шабуына қойдың жүніне төленетін субсидия құжатына шенеуніктің қол қоймауы себеп болған.



 

Соңғы жаңалықтар