Талдықорған қаласының тазалық-індет қызметі кластардағы ауа температурасының төмендігіне байланысты 6 мектепті жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған қаласының тазалық-індет қызметі кластардағы ауа температурасының төмендігіне байланысты 6 мектепті жапты

Талдықорған қаласының тазалық-індет қызметі кластардағы ауа температурасының төмендігіне байланысты 6 мектепті жапты

Талдықорған қаласының тазалық-індет қызметі кластардағы ауа температурасының төмендігіне байланысты 6 мектепті жапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Талдықорған қалалық білім беру бөлімінен бүгін, 23-қаңтарда хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 937
Фото - Caravan.kz

Санитарлық талаптарға сәйкес, мектеп ғимараттарындағы сынап бағанасы Цельсий өлшемі бойынша кем дегенде 18 градустан төмен түсуге тиіс емес. Алайда, жабылған мектептердегі нақты ауа температурасы 6 градустан аспаған.

Білім беру бөлімінің ақпаратына сәйкес, мұндай жағдай отын жетіспеу салдарынан қалыптасып отыр. Оған себеп, жабылған мектептер Талдықорған қаласының аумағына жуырда біріктірілген ауылдық округтерде орналасқан, әрі олар орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылмағандықтан, сұйық отын жағылатын пештермен жылытылады.
Бұл мектептердің жылыту маусымындағы отынға деген сұранысы 491,5 мың литрді құрайды. Ал оларға нақты сұраныстың 50 проценті көлемінде, немесе 241,2 мың литр сұйық отын бөлінген. Соның салдарынан директорлар отын үнемдеу мақсатымен мектептерді тәулігіне 3-4 сағат қана жылыту туралы тапсырма беруге мәжбүр болған.
Тазалық-індет қызметінің тыйымына қарамастан мектептер түгелдей одан әрі жұмысын жалғастыруда.
Жалпы алғанда Талдықорғандағы 25 орта мектепте 25 мыңнан астам бала білім алады.

Соңғы жаңалықтар