Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызды WhatsApp арқылы азғындық жолға түсірмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызды WhatsApp арқылы азғындық жолға түсірмек болған

Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызды WhatsApp арқылы азғындық жолға түсірмек болған

Полицейлер күдікті шекара асып кетуге дайындалып жатқанын анықтап, Шымкент қаласына арнайы барған.

  • 21 Қараша 2017
  • 213
Фото - Caravan.kz

Талдықорған тұрғыны 11 жастағы қызды азғындық жолға түсірмек болды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Қыркүйектің соңында полицияға Үштөбе қаласының тұрғыны хабарласып, бейтаныс адам 11 жасар қызына WhatsApp мессенджері арқылы азғындық әрекетке шақыратын хабарламалар жіберетінін айтқан.   

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталмаған 39 жастағы ер адам болып шықты.   

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы шетелдегі туыстарына барып-қайтуға дайындалып жатқаны анықталды. Полицейлер Шымкентке барып, ер адамды ұстады", — деп жазылған хабарламада.  


ҚР ҚК 124-бабы (балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық тергеу басталды.   

Соңғы жаңалықтар