Талдықорғанда аудандардың мәдени күндері өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда аудандардың мәдени күндері өтіп жатыр

Талдықорғанда аудандардың мәдени күндері өтіп жатыр

Талдықорғанда дәстүрлі аудандардың мәдени күндері басталды.

  • 14 Маусым 2010
  • 656
Фото - Caravan.kz

Бұл мерекелік шараны жұма, маусымның 11-і күні шалғайдағы Райымбек ауданы бастады. Маусымның ашылу салтанаты «Үш бәйтерек» және Даңқ ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Содан кейін қонақтар жасөспірімдердің облыстық сауықтыру орталығындағы балаларға арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада талдықорғандық халық суретші Нұрболат Ысқақов және Алмас Сырғабаевпен кездесу өткізілді. Ауданның құрметті делегациясы облыстық «Жетісу» газетінің ұжымымен кездесті.

Талдықорғандағы орталық алаңда қонақтар кішігірім киіз үй қалашығын құрды. Көрмеге аудан тұрғындары 19 ғасырда болысқа тиесілі болған ер-тұрман мен үзеңгі әкеліп қойды.