Ұстаздардың айтуынша, қаладағы 24 мектепте 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ 31-қаңтар, дүйсенбіге дейін тоқтатылған.
Талдықорғанда соңғы бір апта бойы қыс қаҺарына мініп, аяз күшейіп тұр. Бүгін таңертең сынап бағанасы 29 градус аязды көрсетті. Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, аяз 2-ақпанға дейін сақталады. Сынап бағанасы түнде 29-33 градусқа, ал күндіз 20 градусқа дейін аязды көрсетеді.