Спорт сарайын салтанатты түрде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов пен белгілі спортшы Жақсылық Үшкемпіров ашты.
«Осындай бірегей спорт сарайының құрылғаны үшін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтуымыз керек. Әлемдік дағдарысқа қарамастан бұл нысанның жұмысы тоқтап қалмай, құрылысы уақытында аяқталды», — деді өзінің құттықтау сөзінде Серік Үмбетов.
Спорт сарайы республикалық бәйгелер сияқты, халықаралық деңгейдегі әртүрлі жарыстарды өткізуге, сонымен қатар спортшылардың дайындығы, қала халқының денсаулығы үшін білікті қызмет көрсетуге арналған.
Нысанның сметалық құны 3 005,507 млн. теңге. Жер учаскесінің аумағы — 8 гектар. Зал 1500 орынға арналған.