ТЖМ мәліметінше, 5 — 10 жас аралығындағы үш бала кеше ауруханадан шыққан. Қалған балалардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен 8 бала ауруханаға жатқызылған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 қыркүйекте Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасына «Басқару негіздерінің мектебі» атты мемлекеттік емес ұйымнан 20.00 мен 03.00 аралығында 3 — 10 жас аралығындағы 8 бала «энтеровирусты инфекция» деген диагнозбен жатқызылған.
«Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының комиссиясы зертханалық тексерулерге сынама алды», — делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті