Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Талдықорғанда 1989 жылғы ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келіп, өзен ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.
Көлік Қаратал өзенінің ортасында 1.5 — 2 метр тереңдікте тұрып қалғаны хабарланды. Ал жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған.
"Құтқарушылар құтқару арқанының және кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", — деді ТЖД өкілдері.