Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы спорт түрі бойынша Талдықорғанға 16 құрама командадан 250 спортшы қатысты.
Алматы облысының құрамасы 30 адамды боз кілемге шығарды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Атабек Әлиев, Мырзаш Машаев, Қуаныш және Қайрат Сағадиев, Мейрамбек Мұсаевтің шәкірттері екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдеге ие болды.
Командалық есеп бойынша, ерлер арасында Астана командасы бірінші орын, Алматы облысының құрамасы екінші, Алматы қаласының командасы үшінші орынға ие болды.
Қыздар арасында Қазақстан кубогын Алматы облысының құрамасы иеленсе, Астана командасы екінші, Алматы құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.