Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 14-сәуірінде белгісіз бір еркек Талдықорғандағы «Қазақстан» атты мейрамханаға қоңырау шалып, ғимаратта бомба орнатылғанын хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мейрамхананы қоршауға алып, ішіндегі адамдарды басқа жаққа көшірді. Төрт сағатқа созылған іздестіру жұмыстары нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Аталмыш дерек бойынша полиция жеке фирмалардың бірінде жүргізуші болып істейтін 48 жастағы Талдықорған тұрғынын ұстады.
8-қазан, жұмада өткізілген сотта айыпкер өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Дегенмен, іс материалдарымен танысқан судья оны бір жылға бас бостандығынан айырып, жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтеуге кесті. Прокуратурадан хабарлағанындай, жаза әлі күшіне енген жоқ, оған қарсы 15 күнде жоғары сатылы сотқа шағым түсіруге болады.