Алматы облыстық әкімшілігінің жанындағы көркемдік кеңес байқауға келіп түскен екі жобаны өзара сабақтастыруға шешім қабылдады. Жоба авторлары ынтымақтасуға келісімін берді. Жоба бойынша ескерткіш кешеннің бастапқы кескін-келбеті сақталып, тек қана төсеніш материал өзгертілмек. Сонымен бірге танымал отандық скульптор Әділет Жұмабаевтың атқаруымен Аза тұтқан ананың тас мүсіні орнатылатын болды.
Ескерткіш кешеннің айналасындағы аумақ жайластырылып, ескерткіш тақталар өзгертіліп, жаңа гүлзарлар егіліп, көгілдір шыршалар отырғызылады.
«Мәңгілік от» ескерткіш кешенін жөндеуге облыстық бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары 25-сәуірге дейін тәмамдалуы тиіс. «Ескерткіш кешен Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай 9-мамырда ашылады»,- дейді облыстық сәулет және қала құрылысы бөліміндегілер.