Талдықорғанда нашақорлықпен күрестің онкүндігі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда нашақорлықпен күрестің онкүндігі басталды

Талдықорғанда нашақорлықпен күрестің онкүндігі басталды

Талдықорғанда Алматы облыстық ІІББ есірткі саудасымен күрес басқармасының ұйымдастыруымен нашақорлықпен күрестің онкүндігі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Маусым 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

26-маусым, сенбіде облыстық ІІББ есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері, Алматы облыстық «Бірлік» жастар қауымдастығы мен облыстық наркологиялық диспансер қызметкерлері Талдықорғандағы орталық мәдени-демалыс саябағында жастардың би кештігі алдында есіркі өртеу шарасын жүзеге асырды. Қалалық тәртіп сақшылары тәркілеген бірнеше жүз грамм гашиш өртелді.

Сондай-ақ, Талдықорғанда «Жастар есірткіге қарсы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Алматы облыстық ІІББ есірткі саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шоқан Әжібековтың айтуынша, қазіргі құқық қорғау мекемелерінің басты міндеті «адамдарды көптеп қамауға алу» емес, керісінше, шамасы келгенінше қылмыстардың алдын алу болып табылады. Орынбасардың айтуынша, 2004-жылдың 5 айында облыста есірткі айналымына қатысты 218 қылмыстың беті ашылды. Ал 2003-жылдың осы мерзімінде 383 қылмыс әшкереленген болатын.
Дөңгелек үстелге қатысушылар есірткі тарату және есірткі тұтынумен күресте Алматы облысындағы барлық мүдделі мекемелер мен қоғам өкілдерінің іс-әрекетін өзара үйлестіруге шешім қабылдады.

Перейти к новостям спорта