Талдықорғанда өзімен бірге оқитын құрбысын әуелі зорлап, соңынан өлтіріп тастаған жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда өзімен бірге оқитын құрбысын әуелі зорлап, соңынан өлтіріп тастаған жасөспірім ұсталды

Талдықорғанда өзімен бірге оқитын құрбысын әуелі зорлап, соңынан өлтіріп тастаған жасөспірім ұсталды

Талдықорғанда өзімен бірге оқитын құрбысын әуелі зорлап, соңынан өлтіріп тастаған жасөспірім ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен бүгін, 23-ақпанда хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №13 арнулы мектептің 8-сыныбында оқитын қызының жоғалып кеткені туралы бір әйел полицияға ақпарат берген. Ақпаратты алған жеделтоп қызметкерлері қыздың мектептен қайтатын жолын сүзіп шыққан. Басы жарылып, көп жері қанталаған қыздың жалаңаш денесі «Жастар» саябағынан табылды. Оның жанында қан дақтары бар тас жатқан.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қыздың жанынан көрінген жасөспірімді ұстады. Ол қызбен бір мектеп, бір сыныпта оқитын бозбала болып шықты.
Тұтқын өзінің мас күйінде қызды зорлап, соңынан таспен ұрып өлтіргенін мойындады. Сондай-ақ, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды.
Қазір ол уақытша тергеу абақтысына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар