Талдықорғанда пәтер ұрылары ұсталды
Талдқорған полицейлері қалада 2012 жылдың күзінен бері пәтер ұрлықтарымен айналысқан топты ұстады. |
Қылмыстық топ 19-25 жас аралығындағы 6 адамнан құралған. Бұл топтың 7 пәтер ұрлығы мен 1 қарақшылық шабуылға қатысты екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы толық бағаланған жоқ, алайда тек қана үш-төрт эпизод бойынша шығын миллион теңгеден асты.
Тергеу барысына сондай-ақ Алматы қалалық полицейлері араласпақшы, олардың пікірінше, бұл қылмыстық топтың оңтүстік астанада тіркелген бірнеше қылмысқа қатысы бар.
Ұсталғандар Талдықорған қалалық ІІБ-на қамауға алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін