Талдықорғанда пәтер ұрылары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда пәтер ұрылары ұсталды

Талдықорғанда пәтер ұрылары ұсталды

Талдқорған полицейлері қалада 2012 жылдың күзінен бері пәтер ұрлықтарымен айналысқан топты ұстады.

  • 5 Қаңтар 2013
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық топ 19-25 жас аралығындағы 6 адамнан құралған. Бұл топтың 7 пәтер ұрлығы мен 1 қарақшылық шабуылға қатысты екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы толық бағаланған жоқ, алайда тек қана үш-төрт эпизод бойынша шығын миллион теңгеден асты.

Тергеу барысына сондай-ақ Алматы қалалық полицейлері араласпақшы, олардың пікірінше, бұл қылмыстық топтың оңтүстік астанада тіркелген бірнеше қылмысқа қатысы бар.

Ұсталғандар Талдықорған қалалық ІІБ-на қамауға алынды.