Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы көпірді қайта жөндеуге Т400 млн бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы көпірді қайта жөндеуге Т400 млн бөлінді

Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы көпірді қайта жөндеуге Т400 млн бөлінді

Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы ескі көпірді қайта жөндеуге Т400 млн бөлінді,деп хабарлайды Алматы облыстық құрылыс басқармасы.

  • 5 Шiлде 2011
  • 946
Фото - Caravan.kz

«Облыстық бюджеттен Қаратал өзені арқылы көпірді жөндеуге 400 млн теңге бөлінді. Көпір осыдан жарты ғасыр бұрын темір-бетон конструкциялардың негізінде салынған. Ол қазір шамадан асып отырған жүктемеге есептелген», -деп хабарлайды сейсенбі күні басқарма.

Мамандардың айтуынша, көпір жөндеуден өткен соң қазіргіден де көп жүк-жолаушы ағынын өткізетін болады. Негізгі конструкцияларды нығайту оның сейсмологиялық беріктігін арттырып, қызмет ету мерзімін ұзартады.

Алматы облысы әкімдігінің шешімімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу құқығы «Асыл жас» ЖШС-іне берілді. Компания 10 көп тонналы ірі габаритті тіректі алмастыруға тиіс.

«Ауыстырылатын әр қанаттың ұзындығы 20 метр, көпірдің жалпы ұзындығы 150 метрден асады, бірақ жөндеуден кейін 175 метрге жетеді. Көпірдің сыртқы келбеті де өзгереді, ол заманауи қалыпта жасалып, тартымды болады», -деп хабарлайды көпірді қайта жөндеу жұмыстарын бақылайтын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі.

Жөндеу жұмыстарын биыл күзде аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар