Талдықорғанда Қаратал өзені арқылы өтетін ескі көпір қайта құрастырудан өткізіліп жатыр
Қаратал өзені арқылы өтетін маңызды көлік-коммуникациялық көпір қазіргі таңда қайта құрастырудан өтуде. |
Құрылыс басқармасында хабарлағандай, Тәуелсіздік көшесінде орналасқан көпір өзеннің екі жағасын ғана емес, қала маңындағы тұрғындық массивтерді қаламен байланыстырады. Облыс бюджетінен көпірді жөндеуден өткізу үшін 400 миллионнан астам теңге бөлінді.
Жөндеу жұмыстарының кестесіне сай, көпір ағымдағы жылғы күз мезгілінің ортасында жөндеуден өтіп бітеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін