Талдықорғанда қоқыстан құны 5 миллион теңге болатын ұрланған зергерлік бұйымдар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда қоқыстан құны 5 миллион теңге болатын ұрланған зергерлік бұйымдар табылды

Талдықорғанда қоқыстан құны 5 миллион теңге болатын ұрланған зергерлік бұйымдар табылды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері қаладағы сауда үйінің біріндегі зергерлік бөлімді тонаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

  • 13 Маусым 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz


Криминалдық полиция қызметкерлері құны 5 миллион теңге болатын (15,000 доллар) құнды әшекейлерді ұрлауға қатысы бар күдіктіні бір тәулікке жетпей ұстады. Полицейлер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні ерекше жүрісінің арқасында танып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

“Ұрлық күндізгі уақытта жасалды. Құнды әшекейлер сатанын дүкенге келген ер адам зергерлік бұйымдарды қарап қана қоймай, оны ешкімге байқатпай ұрлап кеткен. Кейін күзет камераларының жазбаларын тексерген қаланың қылмыстық тергеу бөліміне жауапты офицер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол бұрын сотталған азаматты арнайы белгілері арқылы танып қойған. Белгілі болғандай, күдікті ұрланған құнды бұйымдарды жазғы саяжайындағы жер теліміне қоқыстардың арасына көміп қойған. Қазір зергерлік бұйымдардың бір бөлігі тәркіленіп, материалдық дәлел ретінде іс құжаттарына қосылды”, – деді облыстық полиция.

Соңғы жаңалықтар