Жарияланды: 490

Талдықорғанда қызмет кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне ескерткіш ашылды

Алматы облысының ІІД-де қызмет атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Тәуелсіз ел атанғалы мұндай қаһармандар саны 20-ға жетті.

Мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қаза тапқандардың туыстары мен жақындары, ІІМ-нің ардагерлері, ал құрметті қонақтар ретінде - милицияның генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбеков пен ІІМ ардагерлер кеңесі орталық аппаратының төрағасы, генерал-майор Сағынжан Асылкеней шақырылды. «Алматы облысы қылмыспен күресте әрқашан алдағы орындарда болды, және гранит тасында есімдері қашалған полицейлер күндіз-түні бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларының ауыр күндері туралы еске салады», - деді С.Асылкеней.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін