2010 жылғы маусымның командалық біріншілігіне республиканың жеті өңірінен командалар қатысты, деп хабарлады Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Басқарма бастығының орынбасары Петр Сватковскийдің айтуынша, футбол паралимпиялық спорттың түрі ретінде Алматы облысында алғаш рет өткендіктен, жанкүйерлер үшін бұл ойын қызықты болды: барлық белгілер жалаушалармен берілді, төрешілер бригадасының құрамына сурдоаудармашылар кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша шымкенттіктер Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанса, екінші орынды — Алматы құрамасы, үшінші орынды Петропавл командасы иеленді. Бұған дейінгі маусымдарда жеңімпаздар қатарынан орын алған Алматы облысының құрамасы бұл жолы төртінші орынды қанағат тұтты.