Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар басталды

Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар басталды

Бүгін, 11-тамызда Алматы облысының орталығы Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар басталды,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Семинарды ұйымдастыруға Алматы облысының әкімшілігі мен "Аризона-Қазақстан әріптестігі" атты қор мұрындық болып отыр.

  • 11 Тамыз 2003
  • 478
Фото - Caravan.kz

Семинар аясында АҚШ пен Қазақстандық сарапшылар екі елдегі шағын қалалар ахуалына экономикалық баға беруге, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару басқару құрылымына қарай, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың потенциалын пайдалану көрсеткіштеріне негіздей отырып салыстырмалы талдау жасап, болашақ даму мүмкіндіктерін анықтайды.

Сондай-ақ, сарапшылар еліміздегі шағын қалалардың экономикалық потенциалы, еңбек ресурстары және жастар әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне сүйеніп шағын қалаларды дамытудың Қазақстанға тән концепциясын жасап семинарға қатысушыларға ұсынбақшы.
Алматы облысы әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, бұл өңір — Урбан институтының шағын қалаларды экономикалық дамыту жобасы бойынша алғашқы тәжірибелік аймақ ретінде таңдалып отыр. Еліміздің басқа облыстарындағы үлгілік бағдарламалар осы тәжірибенің негізінде жүзеге асырылады.
Семинарға Елбасы әкімшілігінің, үкімет басшысы кеңсесінің, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің, әділет министрлігінің, сондай-ақ, «Аризона-Қазақстан әріптестігі» қорының өкілдері мен 60 шағын қаланың әкімдері қатысуда.