Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді

Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді

11-12-тамызда Алматы облысының орталығы Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Семинарды ұйымдастыруға Алматы облысының әкімшілігі мен "Аризона-Қазақстан әріптестігі" атты қор мұрындық болып отыр.

  • 8 Тамыз 2003
  • 402
Фото - Caravan.kz

Семинар аясында АҚШ пен Қазақстандық сарапшылар екі елдегі шағын қалалар ахуалына экономикалық баға беруге, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару басқару құрылымына қарай, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың потенциалын пайдалану көрсеткіштеріне негіздей отырып салыстырмалы талдау жасап, болашақ даму мүмкіндіктерін анықтайды.

Сондай-ақ, сарапшылар еліміздегі шағын қалалардың экономикалық потенциалы, еңбек ресурстары және жастар әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне сүйеніп шағын қалаларды дамытудың Қазақстанға тән концепциясын жасап семинарға қатысушыларға ұсынбақшы.

Соңғы жаңалықтар