Талдықорғанда шамамен 25 мың литр қымыз бен 14 мың литрден астам шұбат сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда шамамен 25 мың литр қымыз бен 14 мың литрден астам шұбат сатылды

Талдықорғанда шамамен 25 мың литр қымыз бен 14 мың литрден астам шұбат сатылды

Талдықорғанда стационарлық киіз үйлер арқылы шамамен 25 мың литр қымыз бен 14 мың литрден астам шұбат сатылды.

  • 13 Маусым 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығы департаментінің хабарлауынша, барлығы облыс орталығында осындай сауда нысандарының саны 19. Мұнда ұлттық сусындардан бөлек, етті нан, қазы, қарта мен жал-жая сынды ұлттық тағамдар сатылады.

Сонымен қатар, осындай өзгеше дәмханалар арқылы 63 адам жұмыспен қамтылды. Шұбаттың бағасы 350 теңге. Қымызды шаруа қожалықтарынан 250-300 теңгеге сатып алады. Екі сусын да литрі үшін 400 теңгеден саудаланады.

Бұл стационарлық киіз үй-қымызханалар алты жылдан бері жұмыс жасауда. Олар Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетовтың бастамасымен ашылып, қазіргі аймақ басшысы Аңсар Мұсахановтан қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар