Аталған фактіні қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайғылы оқиғаның болғаны рас. 7 сынып оқушысына ата-анасы ұялы телефонда көп отырма деп ескерту жасаған көрінеді. Санаулы уақыттардан кейін, яғни кешкі сағат сегіздер шамасында қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен табылған. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда. Қазір мектептерде психологтар қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы.
Сондай-ақ Жолдыхановтың сөзінше қыз бала өте тәртіпті болған. Мектеп ұстаздары өзіне қол жұмсаған оқушынының сабақ үлгерімі де жақсы болғанын айтқан.