Талдықорғанда төбелес шығарған шенеунік тағы бір даулы роликтің кейіпкері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда төбелес шығарған шенеунік тағы бір даулы роликтің кейіпкері болды

Талдықорғанда төбелес шығарған шенеунік тағы бір даулы роликтің кейіпкері болды

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев тағы бір даулы роликтің кейіпкері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 28 Маусым 2017
  • 313
Фото - Caravan.kz

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев тағы бір даулы роликтің кейіпкері болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы Талдықорған жұртшылығы шенеунікті тұрғындармен дөрекі сөйлесті деп айыптады. Нұр Қанатұлы есімді қолданушы осы оқиға туралы және оқиғаның видеосын Facebook желісіндегі парақшасында жазды. "Бұл видеода мен, қоғам қайраткері және біздің қаламыздың кәсіпкерлер тобының Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаевпен кездескен сәтіміз түсірілген. Асқар Тутабаев әлі күнге дейін жергілікті кәсіпкер Алмасбек Садырбаевпен түсінісе алмай жүр. Тұрғындармен өткен кездесуде қала әкімінің орынбасары өзін дөрекі ұстады, оларға сөз бермеді. Құқық қорғау органдарымен қорқытты. Кәсіпкерлер тек өздерінің бизнесі мен жер учаскелерін сақтап қалғысы келді. Содан мен осының барлығын тыңдап отырып, шыдай алмай: "Сіз халық қызметшісіз бе?!" деп сұрадым. Тіпті біздің Президенттің өзі де әрқашан және әр жерде "Мен халық қызметшісімін! Халқыма қызмет етемін!" деп айтып жүреді", — деп жазған қоғам қайраткері видеоның сипаттамасына.
 

Сондай-ақ, ол шенеуніктің әкімдік ғимаратына қалайша смартфонмен кіргеніне наразылық білдірді. "Бұл ҚР "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңынан қайшы ғой. Әлде бұл заңның оған қатысы жоқ па?!", — деп жазған Нұр Қанатұлы. "Мамандар, сондай-ақ, журналистер видеоның монтаждалғанын түсінген шығар. Ол жақтан менің сөздерім алынып тасталған. Менің екі телефоным бар. Біріншісі жай қарапайым телефон, ал екіншісі — смартфон. Мұнда тұрғындар жіберген хабарламалар келіп түседі. Сол күні мен жиналысқа бардым. Халық мені күтіп қалғандықтан, асығып, ұялы телефонымды көлігімде қалдырып кетуге ұмытып кеттім. Содан жиын барысында телефоныма біреу қоңырау соқты. Ал жиын жайлы айтатын болсақ, біз қазір ондағы мәселелерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес шешіп жатырмыз", — деді Асқар Тутубаев. Осыған байланысты халық шенеуніктің олардың проблемаларын тыңдамай жатқанын айтып шағымданып отыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаев төбелес шығарған болатын.