Жарияланды: 490

Талдықорғанда тұрғын үйдегі ірі өрт болды

Талдықорған қаласында тұрғын үйде ірі өрт болды, бір адам мерт болып, бірнешеуі зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт бүгін түнгі сағат үш шамасында Речная көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды. 107 шаршы метр аумаққа тараған жалынды ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы бір сағаттан астам уақыттан кейін ауыздықтады. Оқиға салдарынан 51 жастағы азамат ажал құшты, 32 және 54 жастағы тағы екі азамат күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін