Талдықорғанда ұрланған 4 жасар сәбиді қайтару үшін 35 мың теңге талап еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда ұрланған 4 жасар сәбиді қайтару үшін 35 мың теңге талап еткен

Талдықорғанда ұрланған 4 жасар сәбиді қайтару үшін 35 мың теңге талап еткен

Алматы облысы бойынша ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен 4 жасар қызын анасына қайтаруға көмектесті. Текелі қаласының полиция бөлімшесіне көмек сұрап келген жергілікті тұрғынның сөзіне қарағанда, адам ұрлау арқылы ақшаға «кенелмек» болған бойжеткен оның қызын Талдықорғанда заңсыз ұстап отырған. Бүлдіршінді қайтару үшін 35 мың теңге талап еткен.

  • 15 Қараша 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Ақпаратты тексеру барысында бопсалау фактісі расталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау бойынша жедел шаралар қабылдады. Ұсталған 1990 жылғы бойжеткен өз түсініктемелерінде сәбидің анасынан ақшаны заңды негізде талап еткенін айтады. Ол шағымданушының үйінде бала күтушісі болып қызмет еткенін алға тартып отыр. Дегенмен полиция қызметкерлері қосымша тексеру амалдарын жүргізуде, бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Оған қоса дәл осы әйел Талдықорғанның 47 жастағы тұрғынына шағымданды. Оның айтуынша, оған қарызын толық өтегеніне қарамастан аталған азамат тағы ақша талап етуін қояр емес.

Бопсалаудың екі фактісі бойынша қосымша тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған екі күдіктіден ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар