Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның 57 спортшысы қатысуда. Олар топтық жарыста — 70 шақырымға, жеке жарыста 25 шақырымға, топтық жарыста 84 шақырымға, қала ішіндегі айналмалы жарыста 84 шақырымға және айналмалы жарыста 62 шақырымға сайыспақ.
Велокөпкүндігінің жеңімпаздарынан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогына қатысу үшін Қазақстанның ұлттық құрамасы жасақталатын болады.
Облыс әкімі Махаббат Бигельдиев жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, оған техникалық бастау берді.