Талдықорғанда жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жаңа әкім тағайындалды

Талдықорғанда жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Талдықорған қаласының жаңа әкімі тағайындалды.

  • 6 Қараша 2015
  • 436
Фото - Caravan.kz

Бұл қызметке Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев тағайындалды. Ол 1964 жылы туған. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, кейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады. 

2004 жылдан Алакөл ауданының әкімі болды.

Талдықорғанның бұрынғы әкімі Ермек Амантайұлы Алпысов Астанаға жұмысқа ауысады.

Ол 1971 жылы 20 желтоқсанда СҚО Сергеев ауданы Неждановка ауылында туған. Екі жоғары білімі бар, 1993 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 ж — І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қ.  № 156 орта мектебінде география мұғалімі болып бастаған.  1999 жылдың наурызынан 2001 жж. қазанына  дейін — «Бектауата» ЖШС бухгалтері. 2001 жылдың желтоқсанынан 2004 ж. шілдесіне дейін — жетекші, бас маман, инспектор, кейін Алматы облыстық қоршаған орта басқармасы бөлімінің бастығы. 2004 ж. шілдесінде Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. 2008 жылдың ақпанынан 2012 ж. қаңтарына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.


2012 жылы Талдықорған қаласының әкімі болып сайланды. 

Үйленген, екі баласы бар.

Соңғы жаңалықтар